Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан екі тапанша табылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

19 қаңтар күні аудандағы орталық ауруханаға қарсы орналасқан иесіз ғимаратты тексеру кезінде атыс қаруы табылған. Ол жерден екі макаров тапаншасы, тапаншаларға арналған төрт оқпан және 28 оқ-дәрі тәркіленген.

Сонымен қатар, қару-жарақтың жанында құралдарды белбеуге қыстыратын арнайы бекіту заттары табылды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Салыстыру нәтижесінде бұл атыс қарулары жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорғанның полиция басқармасы ғимаратынан ұрланғаны анықталды,- делінген хабарламада.

Табылған барлық қару-жарақ қылмыстық іс материалдарына тіркеу үшін Алматы облысы тергеу басқармасына жолданды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да