Алматыдағы тәртіпсіздік: 405 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Оның айтуынша, қаладағы жағдай тұрақталды. Қазір тәжірибелі құқық қорғау органдарының арасынан құрылған жедел топ жұмыс істеп жатыр.

Қазір құқық қорғау органдары 405 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қарақшылар мен террористерге қатысты жаза тергеудің қорытындысы бойынша қабылданады. Оқиға орнынан көптеген дәлелдер, заттай айғақтар мен қылмыс іздері алынды. Прокуратура адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, үкіметтік емес ұйымдармен, адвокаттар алқасымен бірлесе отырып, қылмыстық процестің барлық сатыларында азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Біз азаматтардың барлық өтініштеріне жауап береміз. Бізде сенім телефоны бар, — деді қала прокуроры.

Сонымен қатар, ол тұрғындар анонимді түрде видео немесе суреттермен бөлісе алатын «Терроризмді тоқтату» интернет-ресурсы құрылғанын мәлімдеді.

Бүгінгі күні уақытша ұстау изоляторынан 91 адамды босаттық. 100 тұлғаның жазасы әкімшілік түрде жеңілдетілді. Бұл жұмыс жалғасын табады,- дейді Берік Жүйріктаев.