Коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

Оның ішінде 8 науқасқа коронавирус, тағы бір науқасқа пневмония диагнозы қойылды.

Жалпы Қазақстанда пандемия басталғалы бері 1 157 681 адамнан коронавирус анықталды. 152 058 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 10 107 науқас стационарда, 141 951 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.

  • 386 науқастың жағдайы ауыр,
  • 124 науқастың жағдайы өте ауыр,
  • 71 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.