Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған телефон нөмірі жарияланды

Полиция департаментінің мәліметінше,  азаматтарға тергеу изоляторларында отырған адамдар және басқа да мәселелер бойынша ақпарат алу үшін call-орталыққа жүгінуге болады. Call-орталыққа адвокаттар да хабарласа алады.

Алматы бойынша ҚАЖД нөмірі: +7 (727) 290-19-01.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бәрі сот санкциясы бойынша ұсталғанын айтқым келеді. Сондықтан «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен келіспеген жағдайда азаматтар прокуратура органдарына заң шеңберінде жүгіне алады», — деп жазды Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Instagram  парақшасында.