Алматыда интернет-дүкенді тонаған үш жігіт ұсталды

Ақпаратқа сәйкес, жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз біреулер Гоголь көшесінде орналасқан интернет-дүкеннің есігін бұзып кіріп, ондағы бірнеше затты алып кеткен.

Олардың ең үлкені – 30 жаста. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған. 23 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы мен 22 жастағы алматылық азамат алғаш рет қылмыс жасап отыр.

Тінту кезінде екі ноутбук, үш бу тазалағыш, екі күртеше, спорттық костюм және басқа да тауарлар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да