Алматыда төтенше жағдай режимі және коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты 19 қаңтардан бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмысын жүргізеді,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі қиын жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.
