Қазақстанға «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілді

Эпидемиология ахуалына байланысты Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені Денсаулық сақтау министрлігіне тегін гуманитарлық көмек ретінде «Спутник Лайт» вакцинасын жіберген.

«Спутник Лайт» Қарағанды фармацевтикалық кешенінің -35 градус ұстайтын тоңазытқыштарынан бірыңғай дистрибьютордың логистикалық тораптарына жөнелтілді. Тасымалдау арнайы тоңазытқыштарда жүзеге асырылды, онда суық тізбекті қатаң сақтау үшін жабдық орнатылған,- делінген хабарламада.

Вакцина қоймаларға жеткізілді, ол еліміздің барлық аймақтарына таратылады. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, препараттың тиімділігі 79,4% құрады.

Аталған вакцинаның қауіпсіздігі бірқатар елдерде: БАӘ, Бахрейн, Аргентина, Ресей, Мексика, Сербия, Сан-Марино, Филиппин, Ливия, Парагвай, Венгрия, Әзірбайжан және Беларусьте вакцинация бойынша нақты деректермен расталған. Сонымен қатар, жетекші халықаралық ғылыми басылымдарда 20-дан астам жарияланым бар.

Вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында өндірушіден медициналық ұйымдарға дейінгі барлық жолда суық тізбекке тиімді мониторинг жүргізіледі. Мұздатылған препарат түріндегі «Спутник Лайт » вакцинасы -18 градустан жоғары емес температурада жарықтан қорғалған жерде сақталуы тиіс,- делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін келесі вакциналар қолданылады: QazVac, «Спутник V», Hayat-Vax, СоronaVac, Sinopharm, Comirnaty Pfizer/BioNTech.