Президент: 13 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгерлерін елден шығару басталады

 

Ертең ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентін елден шығару жұмыстары басталады. Мен тиісті мемлекеттердің басшыларымен сөйлестім. Осы сәтті пайдаланып, осы бірнеше күнде жүргізген ауқымды жұмыстары үшін   контингенттің басшылығына алғыс айтамын. ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің Қазақстанға, соның ішінде Алматыға келгені жалпы еліміздегі жағдайды тұрақтандыруда үлкен рөл атқарды.  Бұл әрекеттердің лаңкестер мен содырлардың агрессиясын қайтаруда үлкен психологиялық маңызы болғаны сөзсіз. Миссия өте сәтті өтті. Менің әріптестеріме Ұйымға мүше елдердің басшыларына үлкен алғыс білдіремін, – деді Президент.

Айта кетейік, бүгін, 12 қаңтарда, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ол жедел штаб отырысын өткізді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да