Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен және Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы және елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.
Шетелдік көшбасшылар Қазақстан басшылығының жағдайды реттеу жөніндегі іс-қимылдарын қолдайтынын айтып, елімізбен арадағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.
