Қазақстандағы тәртіпсіздік: бизнеске 95 миллиард теңгеден астам шығын келді

2022 жылғы 11 қаңтардағы таңғы сағат 9:00-дегі жағдай бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен есептегенде 95,3 миллиард теңгеден астам (Алматы бойынша 93,8 миллиард теңге), – делінген хабарламада.

Call-орталыққа барлығы 3 507 қоңырау түсті, соның ішінде тонау бойынша – 1 669, форс-мажорлық анықтамалар – 138, өткізу пункттері – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қорына – 11, жеке тұлғалардан қоңыраулар – 1 671.

Алматыдағы тәртіпсіздік. Бизнес. Шығын
Фото. Media.az

Республиканың 9 облысында 1 709 нысанда орналасқан 1 528 зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісі анықталды, соның ішінде 1 408-і Алматыда, 1 578 нысанда орналасқан. Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің филиалдары: сауда – 1 448; қоғамдық тамақтандыру – 32; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2.