Құрметті Алматы тұрғындары! Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизмге қарсы күрес бойынша операциялардың жалғасуына байланысты автокөлік иелерінен Төле Би, Райымбек және Абай даңғылдарын, қала орталығын айналып өту жолдарын жоспарлауды сұраймыз. Сонымен қатар қала тұрғындарынан қазіргі уақытта серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Бұл шаралар сіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін қабылданды, — делінген хабарламада.
Алматы комендатурасының мәліметінше, құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастырып жатыр.
Қауесеттер мен фейктердің орын алуын ескере отырып, қаланың барлық тұрғыны мен БАҚ-тардан тек ресми ақпарат көздерін пайдалануды және оларға сүйенуді сұраймыз, — делінген хабарламада.
