Алматыдағы митингілерден кейін 40 адам ауруханаға жатты

Басқарма мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша.

40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде, оның ішінде 4 полиция қызметкері бар. Зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 азаматтық тұрғын бар, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы наразылық акцияларында 200-ден астам адам ұсталғанын хабарлаған еді.