Жол Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан. Аралық тоннельдерден және «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» екі стансадан тұрады. Желі учаскесінің ұзындығы – 3.08 шақырым.
«Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтары үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.

«Бауыржан Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс стансасы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.

Бүгінде негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды және іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды, сәулет-әрлеу жұмыстары, инженерлік желілер, автоматика жүйелері және пайдалану жабдығын монтаждау аяқталу сатысында.

