Басты бет / Жаңалықтар /
80367600b212c1f63d95f42c3df895f0 Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті
Видео скрині

Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 28 желтоқсанда Land Cruiser көлігі Ақтөбедегі суқоймасы жағалауынан ұзап, 50 метр жерде мұз астына 2,5 метр тереңдікке түсіп кеткен.

Балық аулауға барған жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгерген. Жедел-құтқару жұмыстары нәтижесінде көлік судан шығарылды. Апат болған жерде мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болған, — деді құтқарушылар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aqtóbe oblysynyń ТJD (@aqtobe_tjd)

Төтенше жағдайлар министрлігі мұз беріктігін соққымен тексеруге тыйым салынғанын, мұзда көлік жүргізу кезінде қауіпті аймақтар мен қалың қар басқан аумақтарды айналып өту керегін ескертті. Сонымен бірге ведомство бұталар мен қамыстар маңында мұз жұқа және осал болатынын баса айтты.

Қалыңдығы 10 сантиметрден кем емес мұз адам үшін, кемінде 20 сантиметр жеңіл автокөліктер үшін, кемінде 30 сантиметр жол талғамайтын көліктер үшін қауіпсіз саналады, — деді құтқарушылар.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram