Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин не туралы сөйлесті?

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің түрлі аспектілерін талқылады. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына көңілдері толатынын айтты. Сонымен бірге білім беру, цифрландыру, энергетика және басқа да салалардағы ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Білім беру саласындағы келісім – өте маңызды. МФТИ және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті сияқты Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарында мамандар даярлауға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ресей, Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Akorda.kz

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан президентін келесі жылдың басында Ресейге сапармен келуге шақырды.