Ақтөбеде пара алған мектеп директоры сотталды

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, №71 мектеп директорының міндетін атқарушы бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

Алдымен жұмысқа орналасуға жәрдемдескені үшін 200 мың теңге, содан кейін тағы жүз мың теңге алған. Сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — деп хабарлады «Мой город» басылымы.

Шешім қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық қылмысының ауыр екені, сонымен бірге сотталушының жас балалары бар екені ескерілген.