«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде стипендия  569 қазақстандыққа тағайындалды.

Оның ішінде 163 адам магистратураға, 4 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті. «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша 37 стипендиат білім алады. Тағы 365 ғалым шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді, — делінген хабарламада.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері академиялық оқудан және әлемнің 27 елінің жетекші университеттері мен ғылыми және салалалық орталықтарында тағылымдамадан өтеді. 220 адам АҚШ, 136 – Ұлыбритания, 57 – Ресей Федерациясы 13 – Австралия, 14 – Германия, 3 – Жапония т. б. мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алады.