Бұл ұсыныс ТМД-ның бейресми саммиті аясында Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуі кезінде айтылды.
Біз сіздерді күтеміз. Қазір қозғаған мәселелеріңіз, менің ойымша, өте маңызды болып табылады. Білім беру де, энергетика да және цифрландыру да тікелей маңызды дүниелер. Егер жыл басында келіп-қайтуға уақыт тапсаңыз, біз бұған қуанышты болар едік, — деді Ресей президенті.
28 желтоқсанда ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуі өтіп жатыр. Іс-шара барысында Достастық шеңберінде атқарылған бірлескен жұмыстың қорытындылары, көпжақты өзара іс-қимылды дамыту және ұйым қызметінің тиімділігін арттыру перспективалары талқыланады.
Іс-шараға Қазақстаннан Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
