Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Бүгін «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алаңында «Allur» компаниялар тобы мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады. Өз кезегінде, мен Олегке Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстадым, сонымен бірге Олег Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, ал Олегтің анасы Валентина Пирог анасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хатымен марапатталды, — деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Облыс басшысының айтуынша, президент оқушыға ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты.
Осындай жас кезіңде сен нағыз ерлік жасадың, қайғыға батқан балаларға батылдықпен және ойланбастан көмекке келдің, үлкен қасіреттің алдын алдың, — делінген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатында.
Архимед Мұхамбетов Олегтің ата-анасына балаларын лайықты тәрбиелегені үшін алғыс айттты.
Олегтің әрекеті балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де үлгі болып табылады. Сонымен бірге мемлекет басшысының бастамасын қолдағаны үшін директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевке Allur компаниясына алғысымды білдіргім келеді, — деді облыс әкімі.
Өңір әкімі сонымен бірге өрт салдарынан баспанасынан айырылған Өмірзақовтар отбасына Қостанайдан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
