Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

Сізді Ресейде, Петербургте көргенімізге қатты қуаныштымыз. Келгеніңізге рақмет. Еуразиялық экономикалық одақты дамыту бойынша әріптестерімізбен жиналған кезде әрқашан бұл идеяның Сізге тиесілі екенін еске түсіретінімізді айта кету керек. Осы одақтың бастамашысы болғаныңыз үшін Сізге алғысымыз зор, — деді Владимир Путин.

Ол пандемия жағдайында бүкіл әлемде өндіріс деңгейі төмендегенде, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бұрын пысықталған тетіктер мен құралдар тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты. Путин Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы да айтты. Оның айтуынша, өткен жылғы күрделі кезеңде экономика құлдырауына жол берілмеген (4%), ал биыл өсім 30%-тен асқан.

Бұл — бірлескен қызметіміздің өте маңызды нәтижесі. Өз тарапымнан Сіздерді және бүкіл Қазақстанды келе жатқан мерекемен құттықтаймын, — деді Ресей президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 27 желтоқсанда ТМД-ға мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барды.

Бұған дейін Санкт-Петербургте Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесуі басталғаны хабарланған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да