Денсаулық сақтау министрлігінің 27 желтоқсандағы мәліметі бойынша, 17 619 адам (–15 533+ және 2 086 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Оның ішінде стационарда 2 813 пациент, амбулаторияда 14 806 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 225 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр. 53 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, елімізде күннен-күнге COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 342 адамнан коронавирус анықталды.
