Алматыға қар жауды: 1 300-ден астам жұмысшы жолды тазалап жатыр

Бұл туралы Алматының тұрғын үй саясаты басқармасы хабарлады.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 1 300 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

501 бірлік техника жолдарды тазалауға шықты: оның ішінде 195 құмшашқыш және 338 жол жұмысшысы. Таңертеңнен бастап 526 бірлік арнайы техника, 174 құмшашқыш және 1 340 жол жұмысшысы шығарылады деп жоспарланған, — делінген хабарламада.

Алматы, қар, қыс
Фото: Алматының тұрғын үй саясаты басқармасы

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша аралас жауын-шашын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы күндіз 0, -2 градус, күннің екінші жартысында одан әрі төмендейді.