Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 облыстың батысында екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Петропавлда күндіз 27 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метр күтіледі. Ақтауда 26 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр күтіледі.

Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Атырауда 26 желтоқсанда оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Ақтөбе облысының күндіз облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Ақтөбеде 26 желтоқсанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метр күтіледі.