Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиға 23 желтоқсанда түстен кейін Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тасжолда болғанын хабарлады.
Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель толық жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен 6 бала эвакуацияланды, — деді ведомство өкілі.
Оқиға кезінде көлікте болған өртсөндіргіш қолданылмағаны анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, — деп мәлімдеді Павлодар облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
- Оқушылар зардап шеккен жоқ.
Әлеуметтік желілерде куәгерлер оқиға орнындағы видеоларды жариялады. Видеодағы жазбада тәлімгердің жүргізушімен бірге отырғаны, ал балалар өздері есікті ашып, секіргені айтылады. Бірақ облыстық ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ.
