Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер мәліметінше, жұма күні ауа сапасы Алматы, Атырау және Балқаш қалаларында нашарлайды.

Өзге қалаларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорология жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да