Астана “сары” аймаққа кірді. Кеше, 22 желтоқсанда қалада 85 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.
Коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ!
«Сары» аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан орналасқан.
Ал қалған өңірер (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Шымкент) «жасыл» аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 984 мыңнан асып кетті. Елімізде өткен тәулікте 477 адамнан коронавирус анықталды.
