Қазақстан дүниежүзінде интернеті ең арзан 10 мемлекеттің қатарына кірді

Бұл туралы Finprom.kz сайты хабарлады.

Internet Accessibility Index рейтингі деректері бойынша, Қазақстанда интернет топтаманың орташа айлық құны — 11,5 доллар (5 мың теңге). Рейтингте Украина көшбастайды (айына интернет пакеті — 7,2 доллар), ал ең қымбат интернет — Мавританияда, айына 773,2 доллар.

7fe262698898a25b65893f13dfea0a5b Қазақстан дүниежүзінде интернеті ең арзан 10 мемлекеттің қатарына кірді

Сарапшылардың пікірінше, интернет құны мен қаржылық қолжетімділік жағынан салыстырсақ, Қазақстан — көшбасшылар қатарында. WorldData.info орташа кіріс бойынша деректерді салыстыру кезінде Ресей мен Румыния алда екенін анықтады. Бұл елдерде интернеттегі айлық топтаманың бағасы табыстың бір пайызынан аспайды. Қазақстан үштікті аяқтайды, елде интернетке кіретін қолжетімділіктің айлық топтамасы орташа айлық табыстың 1,6% ғана болады.

9e7bb70582919463850176e33182ce22 Қазақстан дүниежүзінде интернеті ең арзан 10 мемлекеттің қатарына кірді

Дүниежүзіндегі ең жақсы көрсеткіш — Израильде. Интернет құны айына орташа есеппен 24,5 доллар болады, бұл — айлық табыстың тек 0,7%-і.

Қазақстанның ішкі статистикасына сәйкес, биыл үшінші тоқсанда байланыс қызметтеріне кететін шығын 6,6 мың теңге болған. Бұл көрсеткішке телефон да, интернет те, ұялы байланыс та кіреді. Қазақстандықтардың коммуникацияға жұмсалған шығын жан басына шаққанда, жалпы шығын 206 мың теңгенің 3,2%-і ғана болады.

Елімізде тіркелген интернет абоненттерінің саны бір жылда 6,1%, 2,7 миллионға дейін өсті. Интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға 14-тен келеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да