Мәжілісте Дарын Тұяқов тергеу әлі жалғасып жатқанын айтты.
Тергеу қорытындысы бойынша ақпарат беріледі. Келісемін, бұл көп уақытты алады. Бәрін түсініп, анықтап алу керек, — деді Дарын Тұяқов.
Журналистер Дарын Тұяқовтан сарбаздың денесі жарылыста жарылып кетуі мүмкін бе деп сұрады.
Бұлай болуы екіталай, жарылған жағдайда қандай да бір белгі қалуы керек, — деп жауап берді министр орынбасары.
- Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан болатын.
