«АрселорМиттал Теміртау» 2022 жылы жұмысын жалғастыру үшін шарт қойылды

Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, биыл кәсіпорында өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелерін бұзудың екі мыңнан аса жағдайы анықталған.

Қысқаша айтқанда, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» алдына нақты шарттар қойдық: ластаушы заттар шығындысын азайту жөніндегі талаптарымыз орындалмаған жағдайда, компания келесі жылға экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін, — деді министр Серікқали Брекешев.

Арна мәліметінше, былтыр «АрселорМиттал Теміртауда» барлығы 32 тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 19 миллион теңге болатын 24 әкімшілік айыппұл салынған екен.

Сонымен қатар, мамандар сотқа 34 қауіпті өндірістік нысандар мен техникалық құрылғыларды пайдалануды тоқтата тұру туралы талап-арыз жіберген, бұл жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.