Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері кездесті

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметін хабарлады.

Кездесу барысында энергетика ведомстволардың басшылары Қазақстан мен Ресейдің газ, мұнай өнеркәсібі және электр энергетикасы салаларындағы екіжақты ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Газпром» ЖАҚ арасында осыған дейін құрылған бірлескен жұмыс тобының аясында Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру, оның ішінде қажетті қосымша газ көлемі мәселелері талқыланып жатыр.

Алдағы уақытта тараптар жобаны бағалау, газды тұтыну құрылымы мен көлемдерін, сондай-ақ газ құбырларын тарту құны мен бағыттарын анықтауға тиіс.

Электр энергетикасы мәселелерінде ведомстволардың басшылары Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі қуатының сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден ауытқуларына байланысты ахуалды реттеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобы шеңберінде жұмысты жалғастыру жөнінде келісті.

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздері барысында Қазақстан мен Ресей энергетика министрлері екі елдің энергетикалық ведомстволары арасында «Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік бағытында отын ретінде табиғи газ нарығын дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге жоба парниктік газдар шығарындыларын дәйекті түрде азайту және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасы негізінде Көлік секторын декарбонизациялау бойынша Париж және Глазго саммиттерінің мақсаттары мен міндеттерін қолдайды.