Қазақстанда балалар суреті салынған коллекция монеталары шығарылады

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

500 теңгелік күмістен, 100 теңгелік мельхиордан және нейзильберден жасалған монеталар «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады.

Тілашар — әрбір отбасы өміріндегі ерекше оқиға. Бұрын бұл әдет-ғұрып бала алғашқы сөздерін айтқаннан кейін жасалған. Бүгінде білім алу жолындағы алғашқы қадам дегенді білдіреді, — делінген хабарламада.

fdb5645e85b5b3fd329024ff2dc3e20d Қазақстанда балалар суреті салынған коллекция монеталары шығарылады

Монетаның бет жағының (аверс) орталық бөлігінде Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген, төменгі бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін жазу орналасқан.

6ccc9998f6d67a01d659c0b41621c7c1 Қазақстанда балалар суреті салынған коллекция монеталары шығарылады

Монетаның сырт жағында (реверс) мектеп атрибуты бар балалар суреті, монета жасалған металдың сынамасы мен массасы, соғылған жылы көрсетілген жазу бар.

4fb72ad43f1b169707f14100139718a6 Қазақстанда балалар суреті салынған коллекция монеталары шығарылады

Монеталар:

  • 925/1000 сынамды күмістен, массасы – 24 грамм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, дайындау таралымы – 5 000 дана;
  • МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы 30 000 дана;
  • МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 100 000  дана болып дайындалды.

Күмістен, мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жағындағы бейне бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған, — деп нақтылады Ұлттық банк өкілі.

Ұлттық банк монеталарды сату қашан басталатыны туралы ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да