Бұл туралы президент Twitter-парағында жазды.
21.12.1991ж. Алматыда тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен декларацияға қол қойылды. 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
21.12.1991ж.Алматыда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды.30жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды.Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 21, 2021
Айта кетейік, 1991 жылы Алма-Ата декларациясына қол қою бұрынғы кеңестік республикалардың тәуелсіз мемлекетке айналуындағы соңғы нүкте болды.
Алма-Ата декларациясына қол қояр алдында сол жылдың 8 желтоқсанында Вискуляда (Беларусь үкіменің резиденциясы) Белараусь, Ресей және Украина ТМД құру туралы келісімге қол қойған. Осы келісім арқылы кеңестік орталықтың құрылымы жойылды. Келісімге қол қойған әр ел тәуелсіздігін алды.
Ал 21 желтоқсанда Қазақстанның сол кездегі астанасында 11 тәуелсіз мемлекет бұл келісімнің хаттамасына қол қойды. Ол құжатта Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Украина тең дәрежеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрады деп жазылған. 1993 жылдың желтоқсанында ТМД-ға Грузия қосылды.
Декларацияға сәйкес, ТМД мүшелері әскери-стратегиялық күштерді біріктіру мен ядролық қаруды ортақ бақылау мен экономикалық кеңістікті дамтуды арнайы үйлестіру инститтутары арқылы жүзеге асыруға тырысты.
