Басты бет / Жаңалықтар /
Қонаев, Оңғарсынова, Жәнібеков
Фото коллаж

Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектепке жаңа атау беріледі

Үкімет Нұр-Сұлтанның мына білім беру ұйымдарына жаңа атау беруді жоспарлап отыр:

  • Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№ 49 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;
  • Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№ 2 Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Роза Бағланованың есімі;
  • Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№ 3 Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
  • Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімі.

Қаулы жобасын жария талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram