ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде 20 желтоқсанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды.
Таңертең қаладағы 9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқыған. Сонымен қатар көктайғақ салдарынан Курчатов қаласындағы 0-11 сынып оқушылары да мектепке бармады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, көктайғақ пен қар аралас жаңбыр жаууына байланысты «Семей-Курчатов» тасжолы жабылды.
