Елімізде бір аптада 2 636 қылмыс жасалды

Бір апта ішінде елде 2 636 қылмыс жасалды. Оның 1 754-і тәулік ішінде ашылды, — деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 45 тонау және 404 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

  • Сонымен бірге, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне мемлекет басшысы ішкі істер органдарының 57 қызметкерін және ұлттық ұланның әскери қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік медалімен Ішкі істер министрлігінің 739 қызметкері мен ардагері марапатталды.
  • Министр Ерлан Тұрғымбаев «Барыс», «Даңқ», «Құрмет» ордендерін 18 басшыға табыс етті. Одан бөлек, «Ерлігі үшін» медалі 37 патрульдік полиция қызметкерлеріне, учаскелік инспекторларға, жедел уәкілдер мен тергеушілерге тапсырылды.