18-20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидомет» РМК мамандары Қазақстанның көп аймағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклонына байланысты атмосфералық фронтальды ауа ағыны өтуі ықпал ететінін хабарлады.

Қар жауып, көктайғақ, тұман, екпінді жел, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады. Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз, 2 градус жылы, күндіз 3 градус аяз, 5 градус жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3 градус аяз, 2 градус жылы, республиканың солтүстігінде және орталығында түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-8 градус аяз, шығыста ауа температурасы түнде 5-15 градустан 0-10 градусқа дейін аяз, күндіз 0-10 градус аяз, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 5 градус аяз, 2 градус жылы, күндіз 2-13 градус жылы болады, — дейді синоптиктер.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да