Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бүгін сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді. Президенттің баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында осы іс-шарадан твит-трансляция жүргізеді, — деп жазды Берік Уәли.
Салтанатты жиын сағат 21.30-де республикалық телеарналардан көрсетіледі.
