Депутаттар онлайн казинолар жұмысын қатаңдатуды сұрады

Оның айтуынша, ойын бизнесінің арнайы аймақтарға көшірілуіне қарамастан, халық арасында, оның ішінде жастардың интернет-казинолар ұсынатын құмар ойындар мен бәс тігуге қызығушылығы күннен-күнге артып келеді.

ҚР заңнамасына сәйкес, 2020 жылы құмар ойындар мен бәс тігудің теріс әсерін азайту мақсатында азаматтар үшін осындай ойындарға қатысудан өз бетінше шектеу мүмкіндігі енгізілген. Дегенмен заң қабылданған сәттен бастап бір жарым жыл ішінде тізімге 430-дан астам адам тіркелсе, олардың 50% 30 жасқа толмаған жастарымыз құрап отыр. Бұл дерттің шырмауында жас өрендеріміздің көп екендігін аңғартады, — деп айтты депутат.

Оның айтуынша, бүгінде интернет беттері оңай табыс әкелуді көрсететін әр түрлі онлайн-казинолар мен букмекерлік кеңселердің агрессивті жарнамасының көлемі айтарлықтай өсті. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша жақында «Kcell» байланыс операторының қаржы директоры ұсталды, ол соңғы үш жыл ішінде Қылмыстық жолмен 450 миллион теңге ұрлап, олардың көп бөлігін букмекерлік кеңселерде ұтылса, маңғыстаулық банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз ұрлап, қаражаттың негізгі бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырғаны белгілі болып отыр.

 

Тиісті мемлекеттік органның мәліметінше, 2021 жылдың басынан бастап интернет-казино қызметіне және жарнамасына байланысты бұзушылықтар бойынша 2 223 интернет сайттарының жұмысына шектеу қойылған. Алайда бұл бұғаттау бойынша шаралар онлайн-казино санының азаюына алып келмейді, өйткені бұғаттаудан кейін жаңа сайттар құрылады.

Осыған байланысты депутаттар жауапты мемлекеттік органдардан интернет-казиноның қызметіне қарсы іс-қимыл жасау және құмар ойындар мен бәс тігудің жарнамасын шектеу жөніндегі шараларды күшейтуді сұрады:

  • интернет-казиноларда және букмекерлік кеңселерде төлемдерді кредиттік карталардың көмегімен толтыруға тыйым салуды қарастыруды;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, құмар ойындарды ұйымдастыру, өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырып келген шетелдік ұйымдастырушылардың арнайы тізбесін әзірлеуді сұрады.