Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құжатқа Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, Бішкек мэрі Айбек Джунушалиев және «Аллюр» компаниялар тобы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қол қойды.
Меморандум бойынша 2022 жылы Қырғызстанға лизинг шартымен Қазақстанда шығарылған Yutong маркалы 1 мың бірлік электрлі, газ және дизельмен жүретін автобустарды және 100 бірлік арнайы техниканы жеткізіледі, — делінген хабарламада.
Бұл ретте автобустар жолаушылар көлігі қозғалысын диспетчерлендірудің электрон жүйесімен және ONAY PAY жол ақысын төлеудің автоматты жүйесімен жарақтандырылады.
