Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды.

Түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды. Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің 15-25 м/с күшеюін алып келеді. 11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін болады деп болжанды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да