Америка Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялады

Джо Байден әкімшілігі Қытайдың Шыңжаңдағы геноцидін, сонымен бірге адам құқықтарын бұзған басқа әрекеттерін есепке ала отырып, Пекинде өтетін қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дипломатиялық және ресми делегация жібермейді,- деді Джен Псаки Ақ үйде өткен брифинг барысында.

Ол дипломатиялық бойкот америкалық спортшылардың Олимпиадаға қатысуына әсер етпейтінін атап өтті.

АҚШ құрамасының спортшылары біздің қолдауымызда, біз оларды 100 пайыз қолдаймыз, бірақ алдағы ойындардың айналасындағы іс-шараға үлес қоспаймыз, — деді Джен Псаки.

Осыған дейін Қытайдағы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігі туралы президент Джо Байден де айтқан. Ол бұған себеп ретінде Шыңжаңдағы ұйғырларды қысымға алу мен Тибет және Гонконгтегі адам құқықтарының бұзылуын атаған. АҚШ мәлімдемесін Австралия қолдап отыр. Бірақ әзірге дипломатиялық бойкот туралы шешім қабылдамады.

  • Айта кетейік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4 ақпанында басталып, шамамен екі жарым аптаға созылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да