Алматыда жолдың бойында ыстық су құбыры жарылды

Рысқұлов даңғылындағы кептелістің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін таңертең Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жердегі учаскеде жылу магистралі жарылды. Апат болған жерде «Алматы жылу желілері» жедел тобы жұмыс істеп жатыр,- деп хабарлады компаниядан.

Тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жедел қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушілерге апат болған көшені айналып өтуге кеңес берді.

Жылу трассасының жарылуына байланысты, Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылды. Шектеу жол қалпына келгенше күшінде болады. Қозғалысқа қатысушыларды алдын ала бағдарын түзетіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз,- деп хабарлады полициядан.