Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық новеллалар талқыланды

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформаларға, атап айтқанда, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасына басты назар аударылды.

Іс-шаралар Алматының мемлекеттік кірістер департаментінің барлық аумақтық бөлімшесінде және қаланың бірнеше аудандық әкімдігінде өткізілді.

d3089286a754a026c96891bdbb5a1ac3 Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық новеллалар талқыланды

Талқылауға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау блогының, «Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері және құрметті мемлекет қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында негізсіз баю, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау және мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін жауапкершілікті енгізу сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға негізгі түзетулер қозғалды.

Спикерлер шығыстардың кірістерден негізсіз асып кетуі қаржылық тексеруді бастау үшін сигнал болатынын ерекше атап өтті.

76ed848911692f9102c72867d23fe4e5 Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық новеллалар талқыланды

Бұдан басқа, ұтымсыз капитал салымдарын, әсіресе мемлекеттік секторда алып тастау мақсатында бюджеттік құюды көздейтін жобалардың экономикалық негізділігін бағалау тетігі қайта қаралатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы туралы ескертілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да