Алматы облысында тауық жұмыртқасы арзандады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тауық жұмыртқасын өндіру және сату нарығына талдау жүргізді.

Талдау жүргізу барысында «Қазақстан құстары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Когер ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іс-әрекеттерінде С-1 санатындағы тауық жұмыртқаларына баға белгілеу бойынша келісілген іс-әрекеттерде көрініс тапқан бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілері анықталды.

Анықталған белгілердің негізінде өндірушілердің атына өз өнімін өткізу кезінде келісілген іс-әрекеттер жасаудан бас тарту, тауық жұмыртқасына экономикалық негізделген бағаны белгілеу жолымен монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректерін жою қажеттігі туралы хабарламалар шығарылды.

Қазіргі уақытта құс фабрикалары хабарламаларды орындады. С-1 санатындағы жұмыртқаларды сату бағасы «Когер ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 12,5%, «Қазақстан құстары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіyде 3,2% төмендеді.