Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны көбейді

Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қарашадағы мәліметі бойынша, 32 622 адам (–27 882+ және 4 740 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 6 611 пациент, амбулаторияда 26 011 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 504 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр. 86 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 058 адамнан коронавирус анықталды.