Кездесу барысында кеңес өкілдері «Алматы-Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің, ақпараттық-ағартушылық штабының жүргізіліп жатқан жұмысымен, сондай-ақ Департаменттің қызметімен танысты.
Сонымен бірге Алматыдағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі, азаматтардың өтініштерін қарау, мемлекеттік органдарда жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мәселелері қамтылды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында біз азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдерін қайта қарадық. Негізгі міндет – біздің ведомствоға жүгінген әрбір адамды тыңдау. Айта кету керек, өтініштер саны күн сайын артып келеді. Бұл азаматтардың біздің ведомствоға деген сенімін арттырудың жағымды белгілерінің бірі, — деді Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілі.

Спикерлер арызданушылар көбінесе қаланың нақты құрылысына, қоршаған ортаның ластануына, білім беру және денсаулық сақтау салаларында қызмет көрсетуге наразы екенін атап өтті.
Nur Otan партиясының қалалық филиалымен ағымдағы өзара іс-қимылды, өткізілетін іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша РЖҚІҚК мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берді.

