Ақтауда жарылыс болды: зардап шеккендер жоқ

7 қарашада 22.25-те Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің аға диспетчерінен Ақтау қаласының 29 «а» шағынауданындағы екі қабатты «Шеркала» кешенінің (ішінде арнайы киім дүкені, автобөлшектер, мейрамхана, сауна, ТҚС (техникалық қызмет көрсету станциясы), қоймалар бар) 1-қабатында орналасқан «Астана» кафесінде жарылыс болғаны туралы ақпарат түсті. Салдарынан кешен жартылай қирады, — делінген хабарламада.

Ақтау, жарылыс
Фото: Lada.kz

Алдын ала мәлімет бойынша 100 шаршы метр опырылған. Қазір жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Кешен иесінің айтуына қарағанда, жарылыс кезінде ғимаратта ешкім болмаған.

Ақтау, жарылыс
Фото: Lada.kz
Ақтау, жарылыс
Фото: Lada.kz
Ақтау, жарылыс
Фото: Lada.kz

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 60 қызметкер, 10 техника және 1 ит, «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінен 3 қызметкер және 1 техника, полиция департаментінен 40 қызметкер және 12 техника барды.

7 ноября 2021 г.
Взрыв в Актау
7 ноября 2021 г.