Шахтада қаза тапқандардың отбасына 10 жылдың айлығы төленеді

Қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шарттарына сәйкес, қаза тапқандардың барлығының отбасына он жылдың айлығы төленеді. Содан кейін жеке келісімшарттар аясында несиелерді жабу қарастырылады, студент балалары болса, олардың оқу ақысын төлеу мәселесі міндетті түрде қарастырылады, — деді Юрий Ильин.

Ведомство басшысы жеке еңбек шарттары бойынша мұқтаж отбасыларға тұрғын үй беру мәселесі шешілуі мүмкін екенін айтты. Сонымен бірге жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектеседі.

Төтенше жағдайлар министрі жарылыс кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты.

Еске салайық, бүгін, 7 қараша күні, сағат 08.37-де Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының кенеттен жарылуынан 6 адам қаза тапты. 2 адам зардап шекті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің аты-жөні жарияланды.

Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам оқиға орнынан шығып үлгерген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.