Онда санитарлық-эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру, өлім-жітімді азайту және вакциналану қарқыны мәселелері қаралды.
Жиын барысында Алматыда науқастардың жас құрамын салыстырмалы талдау кезінде бір апта ішінде дерт жұқтырғандардың 77%-і вакцина салдырмаған 20 жастан асқан азаматтар екені белгілі болды.
14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырғандар саны 2,2%-ке, 40-59 жастағы адамдар арасында 1,4%-ке өскені байқалады. Сырқаттанушылардың инфекцияны сауда объектілерінде – 28%, қоғамдық көліктерде – 21,4%, отбасылардағы байланыстар – 22,3% және базарларда – 8% жұқтырған.
Үй жағдайында инфекция жұқтыру 4,4%-ке өсті. Дерт туыстармен, көршілермен және таныстармен байланыс кезінде, сонымен бірге отбасылық іс-шараларды мерекелеу санының өсуіне байланысты таралып жатыр. Белгіленген карантиндік шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жалғасып тапты. 25-31 қазан аралығында кәсіпкерлік нысандарында 19 және қоғамдық көліктерде маска режимі сақталмаған 23 бұзушылық анықталды.
