Бүгіннен бастап WhatsApp ескі смартфондарда жұмыс істемейді

Өзгерістер туралы WhatsApp ресми сайтында жариялады.

Ондағы мәліметке сәйкес, 1 қарашадан бастап қосымша Android смартфондарында операциялық жүйесі 4.1-тен төмен емес және  iPhone iOS 10-нан жоғары модельдерден бастап жұмыс істейді.

Одан ескі гаджеттерді WhatsApp бағдарламалық қамтамасыз етуден бас тартты.

Компания мессенджердің мұндай нұсқадаға смартфондарда жұмыс істемеуінің себебін олардың техникалық эксплуатация мерзімінің өтіп кеткендігімен түсіндірді.

ДереккөзSputnik.kz